Шілдехана шілделік, шілде кузет – өмірге келген нарестенін қурметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына суйінші сурап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ул туса – “ат устар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мані алғаш нарестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде кузет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шілли” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала ушін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан уйде уш (кейде 40 күнге дейін) куні бойы шам жағылып, “кузетілген”. Кейіннен шілдехана улттық ойын-сауық кешіне айналған.[1]