Дулат Бабатайұлының шығармашылығы
Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда, басқа өлең-толғаулардағы ойсезімдермен үндесіп жатады.Сондықтан ақын туындыларын жеке тақырыптар аясында қарастыруда шарттылық басым. Мұны ұлы жырау шығармашылығын оқып-үйрену барысында ескеріп отырған жөн.