Болмасын соғыс болмасын эссе

0 голосов
143 просмотров

Болмасын соғыс болмасын эссе


Қазақ тiлi (130 баллов) | 143 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ол  күндердің  өшпес  даңқы...
Отанын қорғап, қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен ай­қасқан кешегі жауынгерлердің ерлігі ерен. Бүгінде ұрпаққа ұла­ғатты тәрбие, өшпес ерлік үлгісін көрсетіп келе жатқан майдан­герлер де азайып бара жатыр. Иығына қару асынып, кең даланың абыройын әсте төмендетпеуді мақсат тұтқан қарт жауынгерлердің қадірі қашанда биік. Сона­у сұрапыл соғыс жылдарының салған ізде­рі қазіргі күні тарихтың ақтаңдақ беттерінен ойып орын алды. Ізгілік ізін жалғастыру үшін келеш­ек ұрпаққа аманат еткен ұлы қасиет қазақтың қанына сіңген десек, қате айтқандық емес. Ұлы дала төскейінде жү­ріп Отан қорғаған майдангерлер ерлігінің ар­қасында жеңіске жет­тік. Сол жеңіс тұғырының көтерілгеніне биыл 67 жыл толмақшы. Осы ретте қазақ далас­ының баурайын батырлығы және батылдығымен қорғаған майдангер­лерге мереке құтты бол­сын­ демекпіз. Бүгінгі күні тәуелсіздік таңын атырған қазақ елінің жарқын­  болашағына жол ашы­луына сол бір сұм соғыстың да оң әсері бар екені белгілі. Ал жауын­герлердің ең кіші жас шама­сының өзі тоқсан­ның төбесіне шықты. Алдағы уақытта да ел қорғаны бола білген арда азамат­та­рымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт тілейміз. Еліміз тыныш, бейбіт­шілігі бекем­, жұртымыз аман болғай!

(154 баллов)