Заттың санын ретін білдіріп Неше? Қанша? сұрақтарына жауап береді.
Сан есім түрлері (Виды числительного):
құрамына қарай:
Дара (простое – один корень)
Мысалы: бір, екі, жүз.
Күрделі (сложное – несколько корней)
Мысалы: бес мың, он төрт.
тұлғасына қарай:
Негізгі (непроизводное – нет суффикса)
Мысалы: бір, екі, елу.
Туынды (производное – есть суффикс)
Мысалы: бірінші, біреу, ондай.
мағынасына қарай:
Есептік (количественное)
Мысалы: бір, жүз, жиырма мың.
Реттік (порядковое)
Мысалы: бірінші, екінші, бесінші.
Жинақтық (собирательное)
Мысалы: біреу, екеу,.. жетеу.
Топтау (группирующее)
Мысалы: бірден, екіден, он бестен.
Болжалдық (приблизительное)
Мысалы: бірер, ондаған, үш-төрттей.
Бөлшектік (дробное)
Мысалы: екіден бір, үш бүтін жүзден он төрт.