Мәтіндегі негізгі ой бойынша өзіңіздің ертегіңізді құрастырыңыз. Көлемі 100-120 сөз болу...

0 голосов
104 просмотров

Мәтіндегі негізгі ой бойынша өзіңіздің ертегіңізді құрастырыңыз. Көлемі 100-120 сөз болу тиіс.
Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі ескі, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі, ісмер болыпты. Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас-суға айырбастап, күндерін көріпті. Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті. Балалар да ер жетеді. Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын. Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді. Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді. Суреттегі әдемі бау-бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін-әлсін қарап таңданады. Суретшінің қиялына дән риза болады. Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады. Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды. - Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз? — деп балаларына күрсіне қарады. - Егер бәріміз бірлесіп жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас, - деп балалары аналарын жұбатқандай болды. Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды. Оқып, білім алады. Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады. Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады. Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады. Ана балаларына, өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады. Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады. Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.


Қазақ тiлi (207 баллов) | 104 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Маған атам осы ертегіні қанша рет айтса да мен алғаш рет естіп отырғандай, қызыға тыңдаушы едім. Бұл ертегі сіздерге де ұнайтынына сенімдімін. Бір жас жігіт өз бақытын іздеп, ата-анасының ақ батасын алып, жолға шығыпты. Жүре-жүре шаршағаннан үлкен бір ағаштың жанына демалғалы отырса көзі ілініп кетіпті. Көзін ашқанда айдай сұлу, әдемі қыз алдында тұр. Қыз ауылы жақын жерде екенін айтып, үйіне қонаққа шақырады. Осы ауылдан жігіт өз бақытын табады. Үйленіп, отбасын құрады. Екі ұлы дүниеге келеді. Елге бір күні кездейсоқ, күтпеген жерден жау шабады. Осы шайқаста жігіт қайтыс болады. Жары екі баласымен қайғыдан қан жұтып, еңіреп қалады. Дегенмен, қолының өнері бар болғандықтан, екі ұлына жетімдік көрсетпей, тапқан табысымен  қатардан қалмай өсуіне мүмкіндік жасайды. Ол тоқыған кілем өз аулының ғана емес, бүкіл аймақтың қыздарының жасауының көркі болады. Анасы іспен айналысқанда, балалары үй шаруасына көмектеседі. Уақыты өте екі ұл есейіп, ер жетеді. Олардың біреуі анасына алыс қалада білім алып, оқығысы келетінін айтады, анасы қиналса да рұқсатын береді. Екінші ұл анасын алақанға салып, аялап, сөзін екі етпей бәйек болады. Елде елеулі азамат болады, сырттай оқып білім алады. Елдің өтінішімен аулынан үлкен тоқу цехын ашады. Анасы талабы бар жастарға өз өнерін үйретеді. Қаладағы ұлы да білімді азамат болып шығады, ол ұлымен тек ауылы ғана ел, бүкіл ел мақтанады. Адал еңбегінің бүгін рахатын көріп отырған ананың Аллаға айтар алғысы шексіз. 

(126k баллов)