Переведите текст с казахского на русский.
Мені ата-анам кішкентай кезімнен əртүрлі пайдалы істермен шұғылдануға үйретті. Менің сүйікті ісім көп.
Біздің отбасымыздағы адамдардың бəрі өнерлі. Мен де көп ізденемін. Мен атамнан домбыра тартуды үйрендім. Əкемнен шахмат ойнауды үйрендім. Ағамнан тоғызқұмалақ ойнауды үйрендім. Əпкемнен би билеуді үйрендім.
Мектепте де көп үйірмеге қатысамын. Мектептегі спорт секцияларынан əртүрлі спорттық ойындарды меңгердім. Атам маған: ,,Балам, ,,жігітке жеті өнер де аз'' деген мақал бар. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Уақытыңды дұрыс пайдалан'',-деп жиі айтады.