Біздің ана тіліміз және мемлекеттік тіліміз ол - қазақ тілі. Өз ана тілімізді құрметтемесек біздің тілді ешкім де құрметтемейді. Қазіргі кезде өз ана тілінде сөйлей алмайтын қаншама қандастарымыз бар. Олар ана тілінде сөйлеуді ұят көреді. Егер де Қазақстанда тұратын барлық адамдар солай істейтін болса біздің мемлекетіміздің болашағы мүлдем болмайды. Мен басқа тілді білме демеймін, білу керек бірақ ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Дүние жүзінде тілін жоғалтқан елдер өте көп. Қазіргі уақыт болашақтағы тарих. Болашаққа үлгі болатындай тарих жеткізуіміз керек емес па? Сондықтан да әр адам қазақша сөйлеп тіліміздің дамуына көмек көрсететін болса, біздің болашағымыз да жақсы болады