Казакстан республикасынын тауелсиздигине 25жылдыгына эссе

0 голосов
150 просмотров

Казакстан республикасынын тауелсиздигине 25жылдыгына эссе


Қазақ тiлi (28 баллов) | 150 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Реферат Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын жаңарту, сауда-бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі мемлекет функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді.

(22 баллов)