2 сыныпқа эссе тәуелсіздік туралы

0 голосов
149 просмотров

2 сыныпқа эссе тәуелсіздік туралы


Қазақ тiлi (12 баллов) | 149 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.

(152 баллов)
0 голосов

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды

(40 баллов)