"Қазақтың батырлары " тақырыбын әңгімелеп берініз.

0 голосов
133 просмотров

"Қазақтың батырлары " тақырыбын әңгімелеп берініз.


Қазақ тiлi (48 баллов) | 133 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ
(1691—1769)
Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Осыдан соң Қабанбай ауылында қала алмай, Керей еліндегі жездесіне келеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге туседі.

БӨГЕНБАЙ БАТЫР
(1690—1775)
Қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғаған, халық қорғаны, халықтың суйікті үлдарының бірі, батырлар әулетінің ұрпағы Бөгенбай батыр 1690 жылы Бөген өзенінің жағасыида дүниеге келіпті. Үлы атасы Әлдеубек Еңсегей бойлы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Әлдеубектің баласы Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар екен.
Бөгенбай 1708 жылы 18 жасында 30 мың қолға қолбасшы болып, қазақ елінің берекесін алып, құтын қашырған казак-орыстарды талқандап, Еділден ары асырып тастады.
1710 Жылы Қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өткені белгілі. Қүрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бағынуды жөн көрді. Басқалары үй-күйін тастап, — деп жазады Я.Гвардовский, — Едіддін сыртына көшіп барып жан сақтағысы келді, ал енді біреулері қоян сияқты жан-жаққа бытырап кетпекші болды, талайы толқып жүрді, бірак, сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы батыр Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәріне тыйым салды.

ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР
(1706—1781)
Құттымбетұлы - Наурызбай (1706—1781) Үлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туған. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай).
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Қүдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза болады. Наурызбайдың 1729 жылы қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған.

(197 баллов)