Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да, Аяулым, алтын бесік, қара орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар Өзіңдей ұлан байтақ далам барында. Паң далам - Қазақстаным! Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын, Түсінем өзендердің саз - ағыстарын. Қырандар қанатында даңқы кеткен Ғазалым - таусылмайтын таза нұсқалы. Ән далам - Қазақстаным! Сен менің шұғылаға толған даламсың, Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың. Бабамның көздерінің қарашығы ең, Баламның бақытына да қорған боларсың. Жан далам - Қазақстаным! Керемет өріледі гүл өңірде өлең, Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген! Дарқандығын сезініп, еркін басып, Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен! Кең далам - Қазақстаным!