Қазақ халқы ерте заманның өзінде-ақ аспандағы айға, жұлдызға қарап ертеңгі ауа-райын болжап отырған. Оған дәлел ретінде «Сүмбіле туса су суыр» немесе «Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк дүркірер»-деген мақал-мәтелдердерді келтіруге болады. Дегенмен, қазіргі заманауй технологиялардың дамып тұрған заманында, ауа-райының болжамын гидромед орталықтары зерттеп, халықты күнделікті ауа-райы мәліметтерімен құлақдар етіп отырады. Бұл мәліметтер баспасөз беттерінде, радиода, телеарналарда, интернет сайттарында таратылады