Есімше қалай түрленеді? Есімшенің септелуіне тоқталып, мысалдар арқылы дәлелдеңдер....

0 голосов
117 просмотров

Есімше қалай түрленеді?
Есімшенің септелуіне тоқталып, мысалдар арқылы дәлелдеңдер.
Есімшенің қандай формалары септелмейді? Мысал арқылы дәлелдендер. ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ОЧЕНЬ СРОЧНО НУЖНО!!!


Қазақ тiлi (20 баллов) | 117 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Есімше — етистиктиң есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған откен шак  мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрыңгы откен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.

(154 баллов)