1ақылды,әдемі,кешкі,қарапайым,иманды.
2.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мерзімділігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді болатын сияқты: таңертеңгі асқа 25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түнгі сменада жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар там ақты түнгі сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.Сондай-ақ тамақты бірқалыпты қорыту үшін тамақтық температуралық режимінің маңызы зор. Ыстық тамақтық температура 50— 60 С аспауы тиіс, ал суық тамақтық температурасы, әдетте, 10оС төмен болмауы керек.60 жастағы және одан үлкен адамдардың зат алмасу процесі неғұрлым төмен болып, жеке нәрлі заттарды сіңіру қабілеттілігі өзгереді. Тамақтық калориялылығы мен ақуыз, май, углевод витаминдерді қажетсінуінің өзгеріп отыруы осыған байланысты Егде тартқан шақта, негізгі нәрлі заттарды, мөлшерін азайтумен бірге сапа жағынан да шектеу қажет. Рационнан майлы ет сорпасын, қозықұйрық тұнбасын, тұздықтарды азайту немесе тіпті шығарыл тастау керек, қуырылған, ысталған, ащы тұздалған және маринадталған тамақтарды (бауырлы сақтау үшін және су мен тұздық алмасуын нормаға келтіру үшін) пайдалануды едәуір шектеу ұсынылады.
37Құрамында едәуір мөлшерде холестерині бар (жұмыртқаның сары уызы, уылдырық, май, бауыр т. б.) азықтарды, майлық кейбір түрлерін (мысалы, қой, шошқа май ын т. б.) тамақтану рационынан азайту немесе шығарыл тастау ұсынылады. Малдан алынатын ақуыздар мен майдың қажетті мөлшерін сүт өнімдерін пайдалану есебінен толықтыруға болады. Сондай-ақ көкөністер мен жемістерді өңделмеген күйінде көбірек пайдалану керек. Ас тұзын пайдалануды азайту қажет. Егде тартқан шақта тамақтану режимін анағұрлым қатал сақтауға көңіл бөлу керек.