Болашақтағы мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық. Мен өзімнің қазіргі мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымша, он жыл өткеннен кейін тіпті жүз жылдан кейін мектептегі білім беру түбегейлі өзгеретіндігі сөзсіз. Болашағымыз қандай болатындығын армандау да қиын. Алайда, мен өзімнің болашақтағы мектебімнің қандай болатындығын сәл ғана армандағым келеді.
Келешектегі мектепте оқушылар сынып бөлмелерінде кітаптағы дайын мәліметтерді қарап көп отырмайды. Мысалы, биология пәнін даладағы әсем табиғат аясында оқитын болады. Әрбір өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады. Шетел тілдері пәндерін әрбір елдерге барып оқиды. Оқушылар ағылшын тілі мұғалімімен бірге жарты жылға Англияға барып, сол жердегі жергілікті тұрғындармен әңгімелесе жүріп тілді жылдам үйренетін болады. География пәнін де осылай оқыса керемет болар еді! Астрономия пәнінде арнайы салынған ғарыш кемелерінде жүріп, жұлдыздар әлеміне саяхатқа барса, шіркін!
Менің арманымдағы болашақтағы мектепте оқушыларға бесінші сыныптан бастап тереңдетілген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Егер сен тіл, әдебиет пәніне жақын болсаң, гуманитарлық бағытта, математика мен физиканы жақсы көретін болсаң, математикалық бағытта оқисың. Бұл оқушылардың болашақта мамандықтарын дұрыс таңдауларына көп септігін тигізеді.
Болашақтағы мектепте бағалау мүлдем болмайды. Өйткені мектеп оқушылары тек қана материалдарды меңгеріп қана қоймай, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды қоса орындайтын болады. Содан кейін арнайы конференцияларда жобаларын қорғап, нәтижеге қол жеткізіп отырады.
Менің арманымдағы мектеп барлық оқушыларға ұнайды. Мұндай мектепте оқу өте қызық. Ешкімді мектепте оқуға тиістісің деп қинамайды. Ешқандай оқушы сабақты босатқысы келмейді. Мен арманымдағы болашақ мектептің шынында да керемет болатынына сенімдімін.
Молдабаева Диана 9 «ә» сынып оқушысы №23 ЖББОМ . Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мухсинова А.М.
Менің арманымдағы болашақ мектеп.
Егеменді еліміздің келешегі білімді жастар. Елбасының халқына жолдауында ел болашағы білімді ұрпақтың қолында екені жақсы айтылған.Жас ұрпақты білімге бағыттау бүгінде аса маңызды.Қай елдің болсын ұлттық ерекшелігі сақталып,дамуына жағдай жасайтын және оны ертеңімен жалғастырар алтын көпір-мектеп.Егемен еліміздің тәуелсіз мемлекет тәрбиесін алып,жан-жақты дамыған парасатты адам етіп тәрбиелейтін осы алтын ұя мектебіміз екенін айта отырып менің болашақтағы мектебім өте әдемі болады деп сеніммен айта аламын.Мектеп бес қабатты, лифт жұмыс істейді. Әр кабинетте интерактивті тақта,әр оқушыда ноутбук болады. Интернет жүйесі барлық кабинеттерге қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Оқушыларды сабаққа арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының киім қоятын жеке шкафы болып, ол кілттенеді.Сонымен қатар арнайы жабдықталған медицина бөлмесінде бірнеше біліктілігі жоғары медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.Әр түрлі үйірме жұмыстары өткізілетін сыныптар сапалы жиһаздармен жабдықталып,ауласында жылыжай,бассейіні болады.Мектепте
оқушылар үш тілде еркін сөйлейтін болады.Мен өзім ұлтым орыс болғанымен қазақ сыныбында оқып,мемлекеттік тілде еркін сөйлейтінімді мақтан тұтамын. Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды.Сондықтанда мен армандаған мектепте мемлекеттік тілді дәріптеу алдыңғы қатарда болады. Елін, жерін сүйетін білімді адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.Менің болашақтағы мектебімде тек осындай оқушылар ғана оқитын болады.