Егер де, менің мектеп директоры болуға мүмкіндігім болса, мен оқу процессін тағы да жақсартар едім. Ең алдымен, сабақтарын танымды əрі қызықты етіп өткізетін, ең керемет мұғалімдерді таңдар едім. Əр сыныпқа компьютерлер орнатар едім. Оқудан басқа, демалыста болар еді, бос уақытта концерттерге, табиғат аясына шығар едік. Оқушыларға арнап көптеген үйірмелер құрар едім, олар оған сабақтан соң немесе кешке барар еді. Жоғары сыныптағыларға, ұнататын пəніне көбірек баруға рұқсат берер едім, олардың өміріне қажет болады ғой. Мен əр оқушыға мектеп екінші үйі болуы үшін, қолымнан келгеннің бəрін жасар едім!