Анама жаңа жылда қандай сыйлық силасам екен,- деп қазірден ойланып жүрмін. Қазір сатып алам десең сыйлық көп қой. Бірақ, оларды мен сатып алу үшін ақшаны анамнан не әкемнен алуым керек. Сонда ол қалай болады? Менің оларды алдағаным ба, әлде өзімді өзім алдағаным ба? Енді не істемекпін, өзім қолдан жазағаным дұрыс болады ма екен? Ия, ең дұрысы сол болар. Менің анам көптен бері үйге гүл өсіргісі келіп жүр. Мен анам жақсы көретін гүлді горшокқа өзім өсіремін. Мен солай шештім. Осы ең тамаша сыйлық болады деп ойлаймын. Егер жақсы өссе анам қатты қуанар еді. Анамның қуанғаны мен үшін зор бақыт.