Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам тұрады. Біз демалыста ауылға барып тұрамыз. Онда тұратын адамдар мал шаруашылығымен айналысады. Көктемде төрт түлік малдар төлдейді.