Ат байгесине ангиме курау

0 голосов
85 просмотров

Ат байгесине ангиме курау


Қазақ тiлi (26 баллов) | 85 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жылқыға қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. «Ат - ер қанаты», «Жылқы - малдың патшасы», басқа да даналық нақылдарда жылқының қадір-қасиеті айтылған. Адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деп дәріптеуінде үлкен мән бар. Ерте заманда тарпан мен түзат қазақ даласында кездескен. Қазақтың тарихи дастан жырларында жылқыны батырлар жеке мініске пайдаланғаны баяндалады. Мысалы, Қобыландының - Тайбурылы, Ер Тарғынның - Бозтарланы, Қамбар батырдың - Қарақасқасы, Төлегеннің - Бозжорғасы, Ақан серінің - Құлагері. Сондықтан адамзаттық абыройын асқақтатқан жылқының асыл тұқымдарының санын көбейту қажет. Сапасы жоғары жаңа қолтұқымдарды асылдандыру шараларына ерекше назар аударылуы тиіс. Қазақстан елтаңбасындағы жылқы бейнесі. Халық сүйікті перзенттерін «құлыным», «құлыншағым» деп еркелетуі, жылқыны өте жоғары бағалағандығын көрсетеді. Ертеде көшпелі тайпалар жылқыға табынған. Беделді адамдар өлгенде жылқыны қоса жерлеу дәстүрі ежелгі сақ тайпаларында сақталған. Бұған Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау өңірлерінен табылған адамдармен қоса жерленген жылқы сүйектерінің қалдықтары дәлел.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/3263-at.html#image_big
© www.ZHARAR.com

(202 баллов)