Сөз адамның айнасы.
Сөз адам қарым қатынасында ерекше орын алады. Бір сөздің өзін әрқилы жеткізуге болады. Әдепті адам дөрекі сөйлемейді, өз ойын дауыс көтеріп, айқайламай ақ сыпайы жеткізеді. Сөзді жеткізетін тіл. Тіл байлығы зор адам, сөзінен көрінеді. Сөзіне қарап адам баға беруге болады: дөрекі, ұрысқақ, тұрпайы, анайы немесе әдепті, мәдениетті, білімді, кішіпейіл т.б. Сондықтан сөз адамның айнасы дейміз.