Ізгілікті іс игілікке жеткізеді. Адамның мейірімді,ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді. Осы жолда мақсатыма жетуге мамандық таңдауым үлкен септігін тигізді. Бала кезімнен достарыма көмек қолымды созу, біреудің қайғысына ортақтасып, шыдамдылықпен мұңдарын тыңдау, жүздеріне күлкі орнату маған тән қасиет еді. Соның әсері болар таңдаған болашақ мамандығым да тікелей адам өмірімен байланысты көмек көрсету,өмірлік бағыт-бағдар, ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие беру жолында.
Болашақ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі ретінде пәнді оқи отырып, бойымда өз-өзіме деген сенімділік, өмірге деген құштарлық, адалдық, адамгершілік, достық, Отан, туған елге деген сүйіспеншілік сезімдері оянды. Әрине бұл қасиеттер менде болмады деп айтпаймын, болды. Бірақ ұлы ғұлама ойшыл Сократ айтқандай «әрбір адамның бойында күннің нұры бар, тек сол нұрдыңжарқырауға мүмкіндік беріңіз»деген, яғни, менің бойымдағы күн нұрының шашылуына осы пән, мамандығым арқау болды. Жүсіп Баласағұн «адам баласының құндылығы оның білімінде һәм ойлана білуінде» демекші, беріліп жатқан білімнің арқасында бойымда дұрыс іс-әрекетке, өмірге деген көзқарасым өзгерді.