"Медеу" мұз айдыны тау ортасында жатқан үлкен кесе сияқты. Қарасаң айналанда жаз. Арша, шырша, үйеңкі ағаштары өсіп тұр. Күн ыстық. Осындай ыстық күндері де балалар конькилерін ұстап, "Медеуге" асығады. Мұз айдынында кәдімгі қатты мұз. Суды мұздатқыш құрылғылардың көмегімен қатырған. Медеудегі мұз айдыны - теңдесі жоқ мұз. Медеуде талай-талай рекордтар туды.