Оқиға былай болатын. Теледидар қосып қалсам, зерттеу каналында тұр екен. Қарасам жәндіктер туралы бағдарлама жүріп жатыр. Сөйтіп қызығушылықпен бақылап отырдым. Бір сәтте аралар туралы баяндай бастады. Олар отар болып өмір сүреді екен және бірігіп еңбектенеді. Нақты айтқанда, өсімдіктің құнарын алып бал жинайды. Ұясының сексен пайызы балдан тұрады десем болатын шығар. Бал арасы адам организіміне өте жағымды. Сөйтіп таңертең күніне бір қасық балдан қабылдайтын болдым. Бұл менің бойма серпін беріп жүр.