Переведите текст
Қазақ халқында "Досы көпті жау алмайды" деген мақал бар. Әрбір адам өзінің достары мен жолдастарының көп болуын қалайды. Біреуге жақсы дос болу да жақсы қасиет. Жолдас деген - көңіл ашып сырласатын қымбаттың. Жолдас деген - қажетіңе жарайтын көмекшің, басыңа іс түскенде құтқарушың, ауырғанда -емшің.
Жақсы жолдас табу қиын, ол кездейсоқ жолда жатпайды. Адамбды досынан таниды. Сондықтан жолдасты дұрыс таңдау керек.
Ертеде Төле биге бір адам келіп, өзін кеңесші етіп қабылдауын өтінеді. Сонда Төле би оған:
-Досыңды маған көрсет, сенің қандай адам екеніңді содан білемін, - деп жауап береді.
Дос, жолдас - аса қымбатты адамдар