Табиғи судың құрамында
болатын қоспалар:
1-топ: Табиғи суда еріген түрде көптеген газдар
мысалы: O2 , N2 , CO2 , H2S және т.б және
N, K, Ca, аммоний, Mg, Al, Fe, марганецтің еритін тұздары болады.
2- топқа бөлшектер өлшемі 1*10-6 – нен 1*10-4
мм-ге дейінгі қоспалар жатады. Бұл ластаушылар сумен коллоидты жүйелер құрайды. Суда коллоидты күйде минералды заттар ( SiO2,
Al(OH)3, Fe(OH)3
) және органикалық (гуминді, фульвоқышқылды және т.б ) заттар болуы мүмкін.
Соңғылары суға сарыдан бастап қара қызыл түске дейін беруі мүмкін.
3-топқа сумен бірге қалқыма (взвесь) пайда болатын
бөлшектерінің өлшемі 1*10-4 мм-ден үлкен қоспалар жатады. Оларға құм,
саз балшық, органикалық материялдар бөлшектері жатады. (Жер бетінен жаңбыр
суымен, қардың еруімен)