Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны. Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз тумас.Нөсер алдында найзағай ойнайды. Күн күркіресе, көп дүркірер. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Боранда күні ит пен бала құтырады.
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. Ғылым – теңіз, білім – қайық.
Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт-берекең — атаң қымбат, Аймалайтын — анаң қымбат, Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би). Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді.
Туған жердің ауасы да шипа, Туған жердің жуасы да тәтті. Туған жердің тасы да таныс Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. Жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл Құлағы мен жағын жер.Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. Төркін десе қыз төзбейді, Көкпек десе түйе төзбейді.Нан бар жерде ән бар Дәнді шашпа, нанды баспа. Нан— тамақтың атасы Ынтымақ — көптің батасы. Ас адамның арқауы.