Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі
ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай
қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей
аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік
атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте
төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала
біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.
Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын -
күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын
келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы,
жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа
толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан
тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың,
байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.