Эссе деген не жане калай жазылады?

0 голосов
158 просмотров

Эссе деген не жане калай жазылады?


Қазақ тiлi (15 баллов) | 158 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Эссені – мини шығарма деп айтса да болады. Әйтседе, оның өзіне сай ережелері бар. Қысқаша айтқанда, эссе тақырыбы - эссенің мақсатын, эссенің өне бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді. Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл жерде қандай сұрақтарға жауап іздейтініміз қарастырылады. Негізгі бөлім – маңызды ойға  байланысты аргументтерге толы бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер мен дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырып ашылады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептері  көрсетіледі. Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер арқылы түйін шығарылады, шешу жолдары көрсетіледі.  Бұл ой бөлісу, қандай болса тақырыпты баян ету, дәлелді ізденіс. Әдетте, эссе жаңа, субъективті көзқарас  беретін сөзді, тарихи - биографиялық, публицистикалық, баллетристикалық сипатта болады. Қарапайым тілмен айтқанда,  эссе – ол қандай да бір тақырыпқа өзіңіздің көзқарасыңыз бен  ойтолғауыңызды білдіру.

 

(400 баллов)