Əкесі домбырасын алып, ұлымен бірге ауыл артындағы көп ағаштар мен əдемі гүлдер өсіп тұратын баққа келді. Əкесі баққа келген сайын бір өлеңді қайталап шырқай береді. Осы жолы ол ұлын алып, бұл əннің не туралы екенін (мағынасын) түсіндірді. Күн өткен сайын ұлы мектепте əр түрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйренді. Бұдан кейін ол атақты əнші атанды. 1947 жылы ол опера театрында жеке орындаушы болды.