Напишите 7 вопросов к любому из предложений. Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және...

0 голосов
159 просмотров

Напишите 7 вопросов к любому из предложений.
Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында – Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен.

Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады.

Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. Бұл ретте Алакөл аумағындағы балық аулау мен аңшылық өте танымал.
Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді, сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ үйлер мен демалыс үйлері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Қабанбай мен Көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді.


Қазақ тiлi | 159 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Алакөл қандай көл?
Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі?
Бұл аймақтағы туризм неше жыл дамып келеді?
Алакөл қай жерде орналасқан?
Бұл аймақта демалушылар немен шұғылданады?
Алакөлдің оңтүстік-шығысында, батысында, шығысында қандай ауылдар орналасқан?
Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде қандай курортты орын бар?







(136 баллов)
0 голосов

1Алакөл қай жерлерде орналасқан?
2Алакөл курортты демалысында орналасу себебы неде?
3Алакөл аумағында не жақсы дамып танымал болған?
4Туризм ол жақта неше жыл дамып келды?
5Алакөл қандай көл?
6Алакөлдын шыгысында кандай ауыл орналасқан?
7Бұл ауыл несымен ерекше?

(22 баллов)