Мен жазды қалай өткіздім.
Жаз жылдың ең жақсы уақыты. Жазда оқудан демалуға, күнде көңілденуге, саяхаттауға болады. Маусымда он күнге мен лагерьге бардым. Көптеген достар кездестірдім, көңілдендім, әр түрлі ойындар ойнадым. Лагерьде мен жақсы демалдым. Шілдеде Пекиннен менің әпкем келді. Біз онымен күнде қыдырдық, көңіл көтердік, өз үйімізде көптеген фильмдер көрдік.
Онан соң мен әжемде болдым, сіңіліммен ойнадым, ініме қарадым, әжеме және тәтеме көмектестім.
Тамызда мен тауға шығуға кеттім. Тағы өз отбасыммен суға түсуге бардық. Біз өте бақытты болдық.
Бұл жазды мен өте керемет өткіздім. Қуаныш көп болып, көңілді болды. Маған осы керемет үш ай қатты ұнады.