Переведите, пожалуйста.
Берік елден келген үлкен әжесін ертіп,қаланың кең көшесімен келе жатты.
-Берік, мына жерден өтейік ,- деді әжесі
-Әже ,бұл жерден өтуге болмайды.жаяулар өтетін арнаулы орын бар,- деді Берік .
-Бұлар жаяулар өтетін жерге келіп тоқтады
-Әже,осы жерден отеміз.
-Берікжан, енді неге өте бермейміз?
-Әже, ана бағдаршамға қараңызшы, ол "машиналар өтсін, сендер тұра тұрындар" деп тұр. Қазір оның жасылы жанып, бізге "өтіндер" деп жол береді, - деп түсіндірді немересі.
Осы кезде бағдаршамның жасалы жанып, жаяулар өте бастады. Олармен бірге Беріктер де өтіп кетті.
Ой, керемет-ай. Қалада жүріп-тұру тәртіпке салынған екен. Бәрін де білуің, бәрін де орындауың керек. Бұларды кіп-кішкентай болып қалай біле бересің? - деп таңданды әжесі