Спорт – денсаулыққа өте пайдалы. Сондықтан мен спортпен доспын. Мен шаңғы спортын жақсы көремін. Маған таза ауада спортпен шұғылдану өте ұнайды. Шаңғы спортына арнайы киім, көзілдірік және шаңғы керек.
Менің сүйікті спортшым – Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақта бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды.
1998 жылғы Азия ойындарының, бірнеше Әлем чемпионаттарының жеңімпазы.
Ермахан Ибраимовтың шәкірті Бахтияр Артаев. Ол әлі көп Олимпиада чемпиондарын дайындайды деп үлкен үміт күтемін. Ермахан Ибраимов – біздің мақтанышымыз.