Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану керек, уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу – денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы – темекі, спирт ішімдіктері. Денсаулығың мықты болу үшін дастарқаннан қантты, тұзды алып таста. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашан күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады. Шетелдік ғалымдар мынадай қызықты зерттеу жүргізіпті. Бір мектептің оқушыларына төрт ай бойы бақылау жасаған. Таңертеңгілік асын ішіп келген балалар сабақта өздерін тәртіпті ұстайды, көңілді жүреді. Сабақты жақсы оқиды. Ал таңертеңгілік асын ішпей келетін балалардың басы жиі ауырады. Олар ашуланшақ келеді. Бұл балалардың сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан таңертеңгілік ас ішуді ұмытпаңдар! Сұрақтар құрастырыңыз.