- Сәлем!
- Сәлем, Ксее!
- Не істеп жатырсың?
- Кітап оқып отырмын.
- Бос уақытында кітап оқуды жақсы көресің бе?
- Иә, Ксее. Менің ойымша, бос уақытта кітап оқу қызықты, әрі пайдалы.
- Бос уақытында кітап қана оқып жүресің бе?
- Жоқ, әрине. Кейде ұлдармен футбол немесе баскетбол ойнаймын, дала суық болса, компьютер ойындарын ойнаймын. Сен ше, Ксее?
- Ал мен болсам, достарыммен кинотеатрға барамын немесе коньки тебемін. Сені де шақырамын.
- Рахмет, келесі бос уақытымда кинотеатрға баруға қарсы емеспін.