Аңшы туралы мәтін тауып беріндерші

0 голосов
63 просмотров

Аңшы туралы мәтін тауып беріндерші


Қазақ тiлi (42 баллов) | 63 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Аңшы құралы құсбегі құралынан сәл өзгешелеу, киетін киімі саятшы киіміндей қимылдап-қозғалуға икемді әрі жеңіл болғаны дұрыс. Тазысын ерткен аңшы далада көп жортып, күні бойы қимылдап, жан-жақты шолып, жіті көп бақылайтындықтан күн сәулесі қарға шағылысып көзін шаршатады. Сонан көзін қорғайтын "көзқарықтық" немесе "көзілдірік" деп аталатын құрал тағады. Оны адамның екі шықшытын басып тұратындай етіп кәдімгі көзілдірік пішінінде кесіп алған тері, ұзындығы бір қарыс, ені үш елі былғары, қара түсті қалың матадан екі көзге келетін ортасын ойық етіп жасайды. "Көзілдірікті" аңшы көзіне тағып, екі ұшына тағылған баумен бір-біріне байлайды.Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен адам.[1] Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: “Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбыңды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды...” деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі А-лар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:

Саятшы — аңға қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. Бұзау тіс қамшы, сойыл да ұстайды.Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық т.б. аң алады.Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.Моршы — түлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.
Оны қарда мал бағып жүрген қосшы (жылқышы) мен қойшылар жиі киген. Аталған аспап күн сәулесі қарға шағылысып, көзі жасаурап, қышып ауруынан қазақ "көздің қарығуы" (орысша оны "снежная слепота" атайды) деп аталатын сырқаттан сақтайды. Қар жиі жауатын өңірдің малының көзі де қарығып ауыратындықтан тіптен малдың көзіне де киізден, былғарыдан істеп байлаған. Тазы итін көзқарығудан сақтау үшін көзінің шарасын айыалдыра кәдімгі ошақтың қара күйесін жағып қояды. Бірақ қыста далада ұзақ жүрген кезде тағатын нағыз көзілдірік жылқы терісінен жасалады, дейді белгілі шебер Д.Шоқпарұлы. Оған жылқының иленбеген шикі терісін жібітіп, түгін жидітіп алған соң, көзді жауып тұратын тұсын сопақшалап, көзілдірік пішінінде пішіп алады да, көздің тұсынан көлденең тілік тіліп, тері тобарсыған (шала кепкен) кезде тіліктердің арасындағы жолақты көлбеу бағытқа бұрып, тері көңге айналғанша көлеңкеде кептіріп қояды. Оған шүберектен ызылған бау немесе биязы жарғақтан тілінген бүлдірге таққан.

(562 баллов)