Адам баласы ес біліп, өскен шағында өзінің жүрегіне жақын, шын айналысқысы келетін ісі болады. Шынайы ұнататын ісіңмен шұғылданғанда керемет дем алып қаласың. Және ол әр кісінің мінезіне сай түрліше болмақ. Сол секілді менің де сүйікті ісім бар. Оным өзіме қатты ұнайды. Менің суретшелердің бетіне жазылған қанатты, өмірлік мәні бар, адамды түрлі ойға жетелейтін, тіпті күлкілі сөздері бар суреттерге жаным құмар. Сонымен қатар менің сүйікті ісім ол сурет салу. Мен сурет салғанды ұнатамын.