Перевидите текст, пожалуйста.
Бейтаныс қыз.
Володька сыныпқа кіргенде, алдыңғы партада бір бейтаныс қыз отыр екен. Володька қызға: «»Сен біздің сыныпқа қайдан келдің?», деді. «Мен мұнда жаңадан келдім», - деді бейтаныс қыз. Осы кезде сыныпқа екі қыз кірді. Володька қыздарға: «Кумачева, Шумлинская, сәлем! Қайырлы таң! Біздің сыныпқа жаңа қыз келді», - деді. Кумачева мен Шумлинская бейтаныс қызбен амандасып, атын сұрады. «Атым – Валя, тегім Морозова», деді бейтаныс қыз. Басқа оқушылар да жиналды. Қоңырау соғылды. Оқушылар парталарына отырды. Сол кезде староста МАкарова сыныпқа асығып кіріп: «Балалар, тынышталыңдар, жаңалық бар!», - деді. «Не болды қандай жаңалық?», - дедіоқушылар. «Бізге Эленора Матвеевнаның орнына жаңа мұғалім келді». Осы кезде есік ашылып, сыныпқа ұзын бойлы, көрікті, , жас әйел кірді.
Оқушылар орнындарыан тұрды.Жаңа мұғалім: «Сәлеметсіңдер ме, балалар,» - деп амандасып, портфелін үстелге қойды. Балалар да орындарына отырды. «Ал, енді танысайық, менің атым Елизавета Ивановна», - деді.
Елизавета Ивановна әліпби бойынша оқушылармен танысты. Соңында жаңа оқушы Морозованы шақырды. Морозова орнынан тұрып, атым Валя,мен Киевтен келдім. Папам майданда, деп жылап жіберді. «Саған не болды ,Морозова?»,- деп мұғалім қыздың қасына келді. Бейтаныс қыз ақыры: «Менің папам хабарсыз кетті», - деді. «Қалай хабарсыз кетті?» - «Ол – ұшқыш», - деді бейтаныс қыз