Менің болашақ мамандығым
Кім боламын, әрине дәрігер боламын. Біздің отбасы -дәрігерлер отбасы. Атам, әжем, атамның атасы, әжесі, өз әкем мен анам бәрі дәрігерлер. Осыларды көріп отырып мен де басқа мамандықты ойламаймын, тек дәрігер боламын деп шештім. Дәрігер - адам жанының арашашысы, денсаулықтың сақшысы. Арманым жақсы дәрігер болу.