Сабактас курмалас сойлем помогите что это за правила описание СпАсИбо))

0 голосов
164 просмотров

Сабактас курмалас сойлем помогите что это за правила описание СпАсИбо))


Қазақ тiлi | 164 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

 Сабақтас құрмаластың жасалу жолы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышына қарай белгіленеді.
Бағыныңқының баяндауышы:
Шартты рай:- са, - се
Көсемше:- а, - е, - й, - ып, - іп, - п, - қалы, - келі, - ғалы, - гелі
Есімше:
- ған (- ген) + - ша (- ше)
- ған (- ген) + - дай (- дей)
- ған (- ген) + - да (- де)
- ған (- ген) + - мен
- ған (- ген) + - дықтан (- діктен)
- ған (- ген) + сайын, соң, кезде, уақытта
- ған (- ген) + - ға + шейін
- ған (- ген) + - нан (- нен) + бері, кейін, бұрын
Етістік негізі:- ысымен, - ісіменСабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

(347 баллов)