СКИНЬТЕ ПОЖАЛУЙСТА СТИХ ҚАДЫРА Мырза Əли " Қызыл кітап"

0 голосов
122 просмотров

СКИНЬТЕ ПОЖАЛУЙСТА СТИХ ҚАДЫРА
Мырза Əли " Қызыл кітап"


Қазақ тiлi | 122 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!Қан жуады олардың ізін әлі.Көргеннен-ақ мылтықтыМенің үшінДүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың –Бауырыңа жасаған опасыздық!
Ұяламын аң аулап бел асқанға.Түсінбеймін сол үшін таласқанға.Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,Ұяламын қарауға көк аспанға!
Қырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Жылататын жәйттар бар жырдан да өзге.Жиһан қамын жамылып жоқтау керекЖердің өзі жоғалмай тұрған кезде!
Ми дарымай,Біреуге пұл дарыған,Аямайды пұлын ол ұлдарынан.Былғарыға құмар-ақ сол ұлдардыңҚымбат емес кейбірі былғарыдан!
Аңдар бастан кешкенді –Дала кешпек.Тарих мұңын Ертеңге ала көшпек.Еліне де,Ерге де пайдасы жоқЕшкі қыздың үстінде лама бешпент.
Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы,Қара жердің жотасы алаулайды.Орта ғасыр өткенменКейбір елдеАдамдарды, бауырым, әлі аулайды!
Ысқырғанда құлдықтың қамшылары,Белгілі ғой кімнен қан тамшылары»Аңдып жүріп атадыЗәңгілердіКу-клукс-кланның аңшылары!
Өкпе емес пе осыным,Наз емес пе?!Кейбіреулер барына мәз емес пе?!Туыс көп теЖоқ бірақ туысқандық.Адам көп те,Адамдық аз емес пе?!

(54 баллов)