Сабақтың тақырыбы: «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихы мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.
Тәрбиелік: Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
ІІ . Дамытушылық. Деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оқушыларды шығармашылық ізденіске, өз пікірін жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек -сызба, дидактикалық материал, қажетті сөздер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: білімді жинақтау, қорыту, сұрақ- жауап, ойын әдістері
Сабақтың типі: қайталау