Бір күні мектепке бара жатырғанда жолдан өткелі тұрған, қолына таяқ ұстаған, көзіне қара көзілдірік киген бір атаны байқадым. Жақындап келіп, ата жолдан өтуіңізге көмек керек пе,- деп сұрадым. Атай өте қуанып кетті, оның көзі нашар көреді екен. Содан бері біраз уақыт өтті, ал атайды мен күнде жолдан өткізетін болдым, бұл күнделікті оқиға болып кетті.