Переведите плиз срочно))) Қымыз. Қымыз биенің ашыған сүті. Қымызды ашытып, баптау – өте...

0 голосов
157 просмотров

Переведите плиз срочно))) Қымыз. Қымыз биенің ашыған сүті. Қымызды ашытып, баптау – өте күрделі процесс. Қазақтар қымызды көбінесе жылқы терісінен жасалған сабада, торсықта ашытады. Қымыздың сапасы тікелей оны пісуге байланысты. Сабаға 100 литрден астам, торсықтарға 10-20 литр қымыз кетеді. Қымызды ашыту қорын сол қымыздың өзінен жасайды. Күзде сабадағы немесе торсықтағы қымыз тұнған кезде, ыдыстың түбіне қымыздың қоюы жиналады. Міне, сол қоюын мата дорбаға құйып, салқын жерде келесі маусымға дейін сақтайды. Жаңа сауылған бір шелек бие сүтіне бір ожау сақталған қордан салып, бір тәулік жылы жерге қою керек. Содан соң осы қор үнемі қымыз ашытуға пайдаланылады. Қазақтар сабаға семіз сүр қазы да салып отырады. Қазы салып, жақсылап пісілген қымыздың бабы да дәмі де өзгеше болады. Қымыздың сапасы ыдысына байланысты. Сабаны 10-15 күнде босатып, кептіріп, тобылғы түтініне ыстап алған жөн.


Қазақ тiлi (35 баллов) | 157 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

извини, хочу спросить, ты учишь билеты по каз. яз, второй билет? у меня просто тот же текст

(18 баллов)