ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ ГРАМОТНО НА РУССКИЙ БЕЗ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ИНТЕРНЕТ-ПЕРЕВОДЧИКА!!!
үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақтың суы мұздай, салқын, таза екен. Бұлақтың басындағы таста мынадай жазу бар екен: "әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!"
үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң, жазуды оқып, біреуі:
- Бұл жазылған ақын сөз екен. Бұлақ тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бұған бөтен бұлақтар құйып, үлкен өзен болып кетеді. "Сен де, адам, тынбай, қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма. Сонда сен де мұратыңа жетесің" дегені ме деп білемін,-дейді.
Екінші жолаушы басын шайқап:
-Жоқ, мен олай ойламаймын. Бұл бұлақ кімге болса да даяр. Ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады. Сусағанның сусынын қандырады. Ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, "Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығынды ешкімге міндет етпе" дегені болса керек,-деді.
үшінші жолаушы:
-Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөпшалам түсіп, лай болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: "қөніліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта" дегені ме деп ойламын, деді.