Ертеде сақтар арасында дәстүр бойынша, жасөспірім үйлену үшін, алдын ала өзінің ат үстінде қалай отыратынын, атқа шабу өнерін көрсетуі керек болған. Қыздан үміткер жігіт, қызға қол жеткізу үшін жүйрік тұлпармен қалыңдығын қуып жетуі керек. Бұл үшін, халық жиналған жиындарда немесе мерекелерде "Қыз қуу" ойыны ұйымдастырлған. Қыз бен жігіт тұлпарларымен ортаға шығады, той жүргізушінің белгісімен қыз аттың басын жіберіп, алға шабады, ал жігіт өз атымен оны қуып жетіп, сүйіп алуы керек. Егер ол қуып жете алмаса, қыз қуып жетіп, қамшымен сабайды. Бұның бәрі жиналғандардың көңілін көтеріп, қызыққа бөлейді.