Мектеп интернаттың мақсаты, оқушылардың, өздерін өз үйлеріндегідей сезініп, бар ойларын тек білім алуға жұмсауына жағдай жасау. Өзге мектептерден айырмашылығы - қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту. Дарынды балалардың тіл байлығын дамыту мақсатында сыныптар арасында түрлі тақырыпта жарыстар ұйымдастырылады. Сөз өнеріне көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың өз шығармашылықтарын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.