Қаңтар айы.
Қаңтар айында көптеген аң ұзақ ұйқыға беріледі.Ағаштың қуысына кіріп,алып жарғанат та ұйықтайды.Сарышұнақ,атжалман,суыр,қосаяқ сияқтылар өздерінің інін паналайды.Қар үстінде көзге түсе қоймайтын ақ тышқандар жорғалайды.Оларды аңдып жүрген сасықкүзен жем етеді.Балықтар да бұл кезде ұйықтап тұрады.Көксер-
ке балық ұйықтаған күйінде судың ішінде тұрады.Құстар күздігүні жылы жаққа ұшып кеткендіктен,аз болады.Олар қар қалыңдаған кезде жемді ауыл маңынан іздейді.
Ал кейбір аңдар,мысалы,борсық,қоңыр аю,қыстың жылы кезеңдерінде анда-санда ұйқыдан тұрады.