Мен болашақта кім болам дегенде бірден мамандықты ойлайсың. Бірақ, бүгін мен мамандық туралы емес, басқа туралы айтқым келеді. Маған анам әрдайым "қызға қырық үйден тыю" - деген мақалды жиі айтады. Жалпы баланы жастан тәртіпке бағынуды үйрету қажет, ал қазіргі заманда тәртіпке баулитын отбасы азайып барады. Ал, қыз баланың тәрбиесі ерекше болуы керектігін айтады. Өзіне анасы қатал болыпты. Анам өзіне бұндай тәрбиенің тек жақсылық сыйлағанын айтады. Мен болашақта көркем сөйлейтін, сүйікті ата-анамның борышын ақтайтын, сегіз қырлы, бір сырлы, қазақтың қыздары, міне осындай,- дейтіндей дәрежеде боламын.