Мен үшін бұл жазғы демалысым ерекше өтті десем артық айтқаным емес.
«Жас Өркен» өмірімен тығыз байланысты көшбасшылар білетіндей, маусым айында «Жас Өркен» қосымша білім беру орталығы 5-күндік лагерь ұйымдастырған болатын. Осы 5 күн ішінде облысымыздың түпкір-түпкірінен жиналған жас көшбасшылар көп жылдарғы достардай, бір шаңырақтың астында жұмылып, жыл бойы білген жаңалықтары мен қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Өз басыма бұл лагерь қатар жүрген достарымды жаңа қырларынан тануға үлкен мүмкіндік берді. Әлі күнге дейін лагерь фотосуреттерін қарап, сол керемет күндерді сағына еске аламын. Бірақ, уақыт зымырай шығып, лагерьмен де қоштасуға тура келді. Әйтсе де, сол қызықты демалысымы сағынышпен аңсаймын...
Қанша тоқтатқын келсе де, уақыт зымырай берді, зымырай берді… Сондай жазғы кештердің бірінде Алматыға «Молодежный Банк Идей Активінен»(жасы 15-24 ар.барлық жастардың әлеуметтік жобаларына 500$-дан аса грант беретін ұйым) 3 күндік семинарға шақыру келді. Бұған дейін Банкте Програмдық менеджер мен Пресс-менеджер қызметін атқарған мен, өзіме тың жаңалыққа ие болам деген ниетпен, ат басын Алматы жаққа бұрдым. Семинар жаңа технологиялар мен интернет желісінің мүмкіндіктеріне, әлемдегі ең тиімді де қызықты жобаларына арналып, көптеген қонақтар шақырылды. Тағы бір қызығы, бұл семинарға бармас бұрын мен «Сорос-Қазақстан қорына» Алматыда өтетін жазғы «Эвергриния Республикасына» өз мақаламды жіберіп, жауабымды күтіп жүргенмін. Сөйтсе, дәл осы семинарға шақырылған қонақтардың ішінде Сорос қоры да болып, менің лагерьге өткенімді хабарлады. Бір емес, бірнеше қуанышқа кенеліп, Оралға аттандым.